"Фокс-ньюс" Си-Эн-Эннің Трамп әкімшілігіне қарсы арызын қолдады
Си-Эн-Эн арнасы тілші Джим Акостыны Ақ үйге ену аккредитациясынан айырғаны үшін Трамп пен әкімшілігіне қарсы арызданбақ
- "Фокс-ньюс" Си-Эн-Эннің өз тілшісінің аккредитациясын қайтару бойынша әрекетін заңды деп тауып, қолдайды, - деді "Фокс-ньюс" басшысы Джей Уоллес.
Ол атап өткендей, "Фокс-ньюс" АҚШ президентінің "қастық көзқарасына" көз жұма қарай алмайды. Сонымен қатар, Дж. Уоллес баспасөз бостандығын қолдайды.
АҚШ федералды соты сәрсенбі күні арыз бойынша тыңдалым өткізеді.
Ал Ақ үй баспасөз хатшысы Сара Сандерс Си-Эн-Эн тарапынан айыптау болғанын жоққа шығарып отыр.