Ұлыбританияда Facebook-ке жарты миллион фунт стерлинг айыппұл салынды
Британиялық Ақпараттар бойынша құзырлы басқарма қолданушылардың жеке мәліметтерін қорғау туралы заңды бұзғаны үшін Facebook компаниясына айыппұл салды
- Басқарма компанияға 500 мың фунт стерилинг көлемінде айыппұл салған, - делінген басқарма хабарламасында.
Компания 2007 жылдан 2014 жылға дейін желіні пайдаланушылардың жеке ақпараттарын әділетсіз өңдеп, қосымшаны жасаушыларға пайдаланушылардың келісімінсіз қол жеткізуге рұқсат еткен.