Пробация қызметінің маңызы мол
Пробациялық бақылаудың басты мақсаты - сотталғандарды еңбекпен қамтамасыз ету
Пробациялық бақылаудын басты мақсаты - сотталғандарды еңбекпен қамтамасыз ету болып табылады. Яғни, еңбек арқылы олардың алдағы күндерге деген сенімін арттырып, дұрыс жолға түсуге ықпал ету.
Бүгінге күнде пробация қызметі түзеу мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққандарға және әкімшілік қадағалау белгіленген тұлғаларға әлеуметтік құқықтық көмек көрсетіп, жұмыспен қамтып, олардың сабырлылық пен ұстамдылық қасиеттерін дамытуға, қоғамға деген өз көзқарастарын қалыптастыруға, өздерін тәрбиелеуге, қабілет-біліктіліктерін одан әрі арттыруға ықпал етеді.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі әлеуметтік құқықтық көмек көрсету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен және кәсіптік оқыту орындарымен бірлесіп пробация есебіндегі сотталғандарға білімдерін толықтырып, кәсіптік мамандықтар алуына, көптеген сотталғандарды мамандықтары бойынша одан әрі жұмысқа орналастыру барысында нақты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіп отыр.
Т. Сагандыков,
ШҚО бойынша ҚАЖД Жарма аудандық №1
пробация қызметі бөлімшесінің
инспекторы, әділет аға лейтенанты