Қытай "жасанды айды" іске қоспақ
2020 жылға қарай Қытай түнде қаланы жарықтандыруға көмектесетін спутникті орбитаға шығаруды жоспарлап отыр
"Жасанды ай" Чэнду қаласының геостационарлық орбитасына орналастырылады, деп хабарлайды Жаңалықтар РАА сайты.
Егер жоба сәтті болса, 2022 жылға қарай тағы 3 дәл сондай спутникті орбитаға шығару жоспарлануда.
- Бірінші спутник көбінесе экспериментальді болады, алайда 2022 жылға дейін іске қосылуы мүмкін келесі үш "Ай" өте үлкен коммерциялық әлеуетке ие болады, - дейді жобаны әзірлеушілер.
"Жасанды ай" жарығы Жерге жарық беруі үшін арнайы жабынмен қапталады. Осылайша түнде ай жарығын толықтырады.