Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Семейде көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі аман қалды

Бас жолда қатынып келе жатқан мотоциклға жол бермеген иномарканың қарт жүргізушісі апат себепкері ретінде танылуда

Жол-көлік апатынан зардап шеккен мотоцикл жүргізушісі аман қалды, ал оның темір тұлпарының күл-талқаны шықты, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Семей қалалық ІІБ ұсынған ақпаратқа сәйкес, "Дэо Нексия" көлігінің 62 жастағы жүргізушісі жол-көлік апатының басты себепкері. Ол Дулатов және Герцен көшелерінің қиылысында 26 жастағы ер азамат тізгіндеген "Ямаха" мотоцикліне соқтығысқан. Орын алған апат салдарынан жас ер азамат жеңіл көліктің үстінен айналып түсіп, дене жарақатын алған.

- Мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жеткізілген. Дәрігер қарауынан кейін ер адамның оң жақ шынтағы мен сол жақ тізесінің зақымдалғаны анықталды. Қазіргі уақытта ол амбулаторлық ем қабылдауда, - деді Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметі басшысы Елеубек Оспанов.

Баспасөз қызметі басшысының хабарлауынша, көлік жүргізушіне қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған айыппұл салынады.

Естеріңізге сала кетсек, кеше жол-көлік апаты орнынан бейнетүсірілім жарияланған болатын. Түсірілім кадрында, апат салдарынан мотоциклде отырған азамат жеңіл көліктің үстінен айналып түскендігі көрінеді.

Следующая →