Ассанждан мысығын тамақтандырып тұру талап етіледі
Эквадор елшілігі Wikileaks негізін қалаушы Джулиан Ассанж үшін ережелер жасап, оны сақтаса саяси баспана беруге уәде етті
Ең басты ережелердің бірі – Эквадордың дипломатиялық қызығушылығына кесірін тигізетін тақырыптарда әңгіме айтпай. Одан өзге, тазалықты сақтап, өз мысығын тамақтандыруы керек.
Джулиан Ассанждың елшілікте тұруына арналған ережелер Codigo Vidrio сайтында жарияланған.
Ассанж Эквадордың Лондондағы елшілігінен 2012 жылы баспана алған. 2012 жылы сотқа келмегені үшін бірден британ полицейлерінің қолына түсіп қалуы мүмкін болғандықтан дипмиссия аумағынан кете алмайды. Мемлекеттік департаменттің құпияларын жариялағаны үшін жазалау үшін Ассанжды АҚШ қолға түсіруді көздейді.