Ақтау тұрғындары ыстық судың сапасына наразы
Ақтау тұрғындары әлеуметтік желіде челлендж жариялап, ыстық судың кранынан аққан лас суды видеоға түсіріп, жалпыхалықтық акция ұйымдастыруда
Ақтау тұрғындары таза ыстық суды күткеніне бір айдай уақыт болды, краннан әлі кір, лай су ағып тұр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ал тұрғындардың ашуын тудырып отырған нәрсе – лай суға төлейтін төлемақы. Өйткені кір судың құны таза судың құнымен бірдей. Краннан таза су келгенше, ұзақ уақыт бойы кір суды сарылдатып, сапалы судың келгенін күтіп отыруға тура келеді. Ал оның барлығы ақша.
Ал судың лайлануына кімнің кінәлі екені әлі белгісіз.