McDonald's таза тағамдар жасамақ
McDonald's компаниясы бургер құрамындағы ингредиенттерді таза өнімдерден жасап, жасанды қоспалардан бас тартпақ
McDonald's компаниясы тұтынушыларды тарту үшін пропионат кальция, бензоат сынды қоспалардан бас тартпақ. Бұдан басқа да тоқаш, соус, сыр тағамдарына қосылатын жасанды ингредиенттер енді тағам құрамына араластырылмайтын болды. Мұндай өнімдердің барлығы мейрамханалардан алынып тасталады.
- "Биг Мак", "Роял Чизбургера" сынды балаларға арналған бургерлерге де консерванттар, хошиістендіргіштер мен бояғыштар қосылмайды, - деп мәлімдеді компания.
Осылайша McDonald's пайдалы, таза тағамдарды жасауға көшу арқылы уыстан шығарып алған тұтынушыларын қайтаруды ойлап отыр.