ҚР Президенті Сыртқы барлау қызметінің директорын тағайындады
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Исатай Бақтиярұлы Сартаев Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды
Мемлекет басшысы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры етіп Исатай Бақтиярұлы Сартаевты тағайындады деп мәлімдейді, Tengrinews.kz сайты.
Бұған дейін барлау қызметінің бұрынғы басшысы Ғабит Байжанов Қауіпсіздік хатшысы қызметіне тағайындалғаннан кейін Исатай Сартаев директордың міндетін атқарып келген.
Ал Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары қызметіне қызмет директорының орынбасары қызметінен босатылған Оразов Нұрлан Оразұлы тағайындалды.
"Сырбар" қызметі Президентке бағынады. Барлау, талдау және ұлттық қауіпсіздікпен айналысады.