Германияда дәстүрлі сыра мейрамы өтуде
Мюнхен неміс қаласында дәстүрлі баварлық киім киген жүзге жуық адам мейрамның ашылуын таң атқаннан күткен
Сағат 9.00-де Терезин луг ашылды. Сыраның бірінші саптыаяғы дәстүрлі түрде Бавария премьер-министрі Маркус Зедерге ұсынылды. Октоберфесттің аяғы - 7 қазанғы дейін шараға 6 млн адам келеді деп күтілуде.
Еуропадағы лаңкестік әрекеттерінен кейін енгізілген жаңа қауіпсіздік ережелер бойынша келушілерге рюкзак әкелуге болмайды. Шара аясында 600-ге жуық полиция қызметкерлері және жеке агенттіктердің жүздеген күзетшілері бақылау жүргізуде.