Өскеменде "Үлкен сенбілік" өтті
Бүгін облыс орталығында қаланың тазалығына бағытталған күзгі айлық аясында екінші сенбілік өтті
Қала игілігі үшін тұрғындар мен арнайы қызмет қалай жұмыс атқарып жатқандығы туралы Өскемен шаһарының әкімі Жақсылық Омар пікір білдірді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
- Осы жолы жалпыхалықтық сенбілік барлық аулалардың тазалығына бағытталды, - деп қала әкімдігінде хабарлады.
Аулалардың таза әрі жайлы болуы үшін Меновное аулының тұрғындары, Аблакетка, Согра аудандары мен Мирный кентінің тұрғындары тазалық жұмыстарына атсалысты. Қала тұрғындары егер күз мезгілінде барлық қоқысты тазалап тастаса, қыс мезгілінен кейін аулалардың таза болатындығына сенімді.
Островский көшесінің (Аблакетка ауданы) тұрғындары қала әкімімен кездескен кезде ең өзекті мәселе – қоқыс контейнерлеріне арналған алаңдарға қатысты көмек сұрады. Жақсылық Омар өз кезегінде қала тұрғындарына "Менің аулам" бағдарламасы жайлы айтып, оған қатысуға ұсыныс тастады.
- Қаладағы әрбір ауланың таза болғанын әрі жаңартылғанын қалаймыз. Сондықтан, сзідер аталған бағдарламаға қатыса аласыздар, - деді шаһар басшысы.
Осы жолғы сенбілікке 8 мыңға жуық қала тұрғыны қатысқанын атап өткен жөн болар. Бес мыңға жуық әртүрлі қоқыс жиналып, тасымалданды. 15 қазанға дейін қала әкімдігімен әлі үш сенбілік жоспарланған. Облыс орталығының басшылығы барлық қала тұрғындарын қала тазалығына бағытталған шараға қатысуға шақырады.