Гавайда мысықтар қорығының танымалдылығы артып келеді
Гавайдағы 600 жабайы мысықтар өміріп сүріп жатқан қорық Ланаи аралында маңызды туристік аймаққа айналды
Қорықты Ланаи аралында көшіп келген Кэти Кэрролл құрды.
Аралдағы жүздеген жабайы, аш мысықтарды көрген әйел оларға қамқорлық көрсетпек болған.
Енді қорық аралға келушілердің назарыан тыс қалмауда. Мысықтардың бұл баспанасы туристердің қайырымдылығымен жұмысын жалғастыруда. Ал оның аумағында өмір сүріп жатқан мысықтар көңілді әрі тоқ.
Қорыққа жыл сайын 10 мыңнан астам турист барады.