Toyota автозауыттардың біраз бөлігін жабуы мүмкін
Жапонияда болған қуатты жер сілкінісінің кесірінен Toyota елдегі 18 зауыттың 16-сын жаппақ
Зауыттарға көлік құрал-саймандары жеткізілмей жатқандықтан, Toyota оларды уақытша жаба тұруды құп көріп отыр.
Мәселен, беріліс қорабын жасайтын Томакомай қаласындағы зауытта электр жарығы өшіп қалған. Жапонияның шығыс жағалауына келіп соғылған тайфун автоконцерннің жабдық жасау айналымына зор зиянын тигізді.
Соған байланысты компания зауыттары түнде жұмыс жасамайтын болды.