Францияда дельфиндер үшін жағажай жабылды
Францияның Брест аймағындағы теңіз жағалауының өкілдері туристерге және жергілікті тұрғындарға дельфиннің жанында жүзуге тыйым салған
Бірнеше ай бұрын Брест ауданына ұзындығы үш метрлік дельфин қоныстанған. Оны жергілікті тұрғындар Зафар деп атады, деп хабарлайды Жаңалықтар РАА сайты.
Дельфин ұзақ уақыт бойы жергілікті жағажайларға келген туристерге түрлі ойын сауықтық бағдарламаларын көрсеткен.
Сонымен қатар ол қайықтармен үнемі бірге жүріп, судағы адамдарды арқасына отырғызып алатын. Алайда соңғы уақытта оның мінез-құлқы өзгеріп, жүзгіштердің жағаға қайтуына жол бермей, тіпті, оларды судан итеріп жіберетін болған.
Сондықтан жергілікті билік Зафарға 50 метрге жақындауға тыйым салды.
- Дельфин суда бар болса, жағалауда жүзу мен дайвингке тыйым салынады, - дейді олар.