Ресейде ауладағы балдырған шөбі үшін айыппұл енгізіледі
Мәскеу түбіндегі жерлердің иелеріне балдырған өсімдіктерінің өскіндері үшін айыппұл салынуы мүмкін
Ресейдің ауыл шаруашылық министрлігі заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Lenta.ru сайты.
Құжатқа сай, балдырған өсімдіктерін жұлмаған азаматтарға үлкен көлемде айыппұл салынады. Жеке тұлғалар үшін айып көлемі 3-5 мың рубль, мемлекеттік қызметкерлер үшін – 20-50 мың, заңды тұлғалар – 150 мыңнан 1 млн рубльге дейін.