Ақтөбе облысында лимон бағы салынбақ
Жылыжайды мемлекеттік грантты ұтып алған жергілікті кәсіпкер Хромтау қаласында салатын болады
Ақтөбеде "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы бойынша мемлекеттік гранттар байқауы аяқталды, деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА сайты.
Байқау шарттарына сәйкес, бизнес-жоба жаңа әрі тың болуы керек. Бірақ лимон бағы бүкіл облыс үшін бірегей жоба болып табылады. Кәсіпкер өз жобасын қорғап, 3 млн теңге көлемінде мемлекеттік грант ұтып алды. Бұған дейін облыста лимон өсірілмеген еді.
Байқауда 18 жобаға қолдау білдірілді. Жалпы бөлінген грант сомасы 40 млн теңге.
Жобаны жүзеге асыру барысында заңбұзушылықтар байқалған жағдайда кәсіпкер мемлекет қаржысын қайтаруға мәжбүр.