Барселонада бұқаралық туризмге қарсы акция өтті
Акцияға қатысушылар "қаланың туризмді дамытуға бағытталған бағдарламасы тиімді емес" дегенді айтады
Гуэль саябағына жиналған наразылық білдірушілер "Жаппай туризмге тыйым салынсын!" деген ұранмен шықты. Кейбір манифестшілер "Айдаһар" мүсініне шығып, өздерін байлап тастады.
Туризм саласына көңілі толмаған наразылық білдірушілер бұған дейін бірнеше қарсылық акциясын ұйымдастырған.