"Үздік" 20 мемлекеттік қызметкер іріктелді
"Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметкері" атағына конкурс жарияланды
Қазақстанда үздік мемлекеттік қызмет атағын беру конкурсы екінші рет өткізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол 23 маусым - мемлекеттік қызметкерлер күніне орайластырылып, ұйымдастырылған. Оған саяси және әкімшілік қызметкерлердің ғана емес, сондай-ақ құқық қорғау органдарының да өкілдері қатысты. Байқауға барлығы 390 адам қатысты. Республикалық комиссия оның ішінен 20 жеңімпазды анықтады.
Жеңімпаздар арасында басқарушы лауазымдар да, қызметін жаңадан бастағандар да бар.
Жеңімпаздардың аттары 22 маусымда салтанатты түрде жарияланады.