Анджелина Джоли Ирактың Мосул қаласына барды
Актриса бомбаланған қаланың қираған көшелерімен жаяу жүріп аралады
Ол Мосул қаласында БҰҰ-ның Босқындар жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасының елшісі ретінде өз еркімен келген. Мосул қаласы Сириядағы Ракки қаласынан кейінгі лаңкестердің тірегі болған екінші үлкен қала болатын.
- Мұндай қиратылып, ойраны шыққан қаланы бірінші рет көріп отырмын. Адамдар қолында барының бәрінен айырылған, - дейді Джоли.
Актриса Мосул қаласы лаңкестерден азат етілген соң, үйлеріне қайтып оралған халықпен кездесті.
Айта кету керек, Босқындар жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы қираған үйлерді жөндеумен, түрлі гуманитарлық, заңгерлік көмек көрсетумен айналысады.