Жаңа Зеландияда жер қақ айырылып, үңірейіп қалған
Жаңа Зеландиядағы фермада орын алған жарықшақтың тереңдігі 20 метр болса, ұзындығы екі футбол алаңындай
Жарықшақ жауған нөсерден кейін пайда болған, деп РИА Новости сайты хабарлайды.
Жарықшаққа "Томо" атауы берілген. Оның ұзындығы - 180 метр, тереңдігі – 20 метр.
Жер қыртысының жарылуы мен беткі қабаттың шөгуін зерттеген ғалымдар кратердің ішінен шамамен 60 мың жылдық вулкан шөгінділерін тапқан.