Өскемендіктер майдангерлерді еске алуға арналған автошеруді қарсы алды
ҚР Ұлттық гвардия ардагерлері мен казак этномәдени бірлестігі мүшелері жеті елді мекеннің Мәңгілік алауына гүл шоқтарын қойып қайтты
Он бес шақты көлік сап түзеп, керуен құрып Курчатов қаласынан Өскеменге дейінгі жолды жүріп өтті. Жүріп өтіп қана қоймай, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып шықты.
- Бұрында әр қаланың өз өкілдері Мәңгілік алауға барып, гүл шоқтарын қоятын. Енді біз бәріміз бас қосып, бір мақсатқа жұмылдық. Ол – отан алдындағы ерлік пен батырлықты дәріптеу. Бұл акцияны жыл сайын ұйымдастырып отырамыз, - дейді ұйымдастырушылардың бірі Олег Радионов.