Олимпиадаға қатысқан қазақстандық спортшыларға берілетін бонустың көлемі белгілі болды
Спортшылар мен бапкерлерге барлығы 60 млн теңге беріледі
Пхенчхандағы Олимпиада ойындары 25 ақпан күні аяқталды, ал Қазақстан тек қола медальді ғана қанағат тұтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Елге Олимпиада медалін әкелген шығысқазақстандық Юлия Галышева 75 мың АҚШ доллары көлемінде (23,9 млн теңге) сыйақы алса, шорт-трек жарысына қатысқан төрт спортшының әрбіріне 5 мың АҚШ доллары беріледі.
Бапкерлер де сыйлықтан құр қалмайды. Үш могулшы спортшыны дайындаған бапкерге 75 мың АҚШ доллары берілсе, шорт-трек спортшыларын дайындаған бапкерге 15 мың АҚШ доллары беріледі.
Сонымен барлығы 185 мың АҚШ доллары немесе 60 млн теңге шамасында сыйлақы берілмек.