Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

Өзбекстанда тұңғыш президент мавзолейі ашылды

Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтің 30 қаңтардағы туған күніне орай Самарқан қаласында мавзолей ашылды

Мавзолей қабірдің үстіне тұрғызылған, деп хабарлайды fergananews.com Ферғана ақпараттық агентігі.

Қабырғасына асыл тастар жабыстырылып, алтынмен жалатылған. Ал күмбезі ақықпен көмкерілген. Ал ғимараттың сыртына Құран сүрелері мен президенттің нақыл сөздері қашалып жазылған.

Мавзолейдің ішіне, тіпті, жедел саты да орналастырылған. Бұл мүгедек жандардың кіріп-шығуына ыңғайлы болмақ.

Кіреберіске мраморлы тақтатас орнатылған әрі оған өзбек, ағылшын тілінде келесідей мәтін қашалып жазылған: «Бұл – ұлы мемлекет қайраткері, өзбек халқының аяулы перзенті, Тұңғыш президент Ислам Кәрімовтің есімі қаланған мәңгі мекені».

Ислам Кәрімов мемлекет басшысы қызметін 1990 жылдан бастаған әрі 26 жыл тақта отырған. Ол 2016 жылдың 2 қыркүйегінде өмірден озды. Биыл оған 80 жыл толып отыр.


Следующая →