Виктор Май алты жылға сотталды
Өскемен қалалық салық басқармасы басшысының экс-орынбасарының ісіне нүкте қойылды. Қылмыс үрдісіне қатысушылардың барлығы Виктор Майдың кінәсіз екенін мәлімдесе де, экс-орынбасар ұзақ мерзімге жазаланды
Үрдіс барысында Виктор Май мен оның адвокаттары экс-салықшыға қатысты қылмыстық қуғында айыптаушының дәлелдік базасы жоқ екенін дәлелдеуге тырысса да, сот айыптау шешімін шығарды.
- Сотталушы Виктор Майға қатысты ШҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі өзгертілсін және сотталушының қылмысты орындау кезіндегі ерекше белсенді рөлі қылмыс құрамынан алынып тасталсын, баптардың бірі бойынша бас бостандығынан айру жазасы 6 жылға дейін қысқартылсын, - деп коллегия төрағасы Қайрат Чакпантаев үкім оқыды. - Қылмыстық жолмен алынған мүлкін тәркілеп, максималды қауіпсіз қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде 8 жылға бас бостандығынан айыру ақтық шешімі қабылдансын.
Осылайша алдыңғы үкім екі жылға ғана қысқартылды. Қалған сотталушы Сергей Доценко, Николай Хижниченко, Алексей Теплухин, Роман Строкатов, Ирина Квест, Елена Литвинова және Анастасия Абашкинкаға тағылған мерзім өзгеріссіз қалды. Олар бес жылдан бес жарым жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Мұнымен қоса олардың барлығы тергеу амалдары анықтай алмаған бір жарым миллиард теңгені мемлекетке қайтаруы керек.
Сот шығын көлемімен келіспей, оны 4 миллиард теңгеден асыру керектігін айтқан облыстық прокуратураның аппеляциялық шағымын да қанағаттандырмады.
- Бірінші инстанциядағы сот үкімі өзгеріссіз қалды. Біз келтірген дәйектер мен салық қызметіндегі жұмысшылардың куәліктері шешімге ықпал ете алады деп үміттендік, - дейді салықшының заңгері Сергей Кузнецов. - Виктор Майдың толық кінәсіз екеніне дәлелдесек те, іс-әрекеттердің қайта квалификацияланатынын күттік. Енді Жоғарғы сотқа жолдау жібереміз.
Естеріңізге саламыз, былтыр қараша айында Өскемен қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Виктор Майдың қылмыстық жолмен алынған мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Тергеу амалдары бойынша, ол өзге жеті сотталушымен бірлесе отырып жалған кәсіпкерліктердің шотынан қолма-қол ақша алып, тасты көмір айла-шарасына қатысқан. Мемлекетке тиген зардап төрт миллиард теңгеден асты. Алайда Виктор Май барлық айыпты жоққа шығарып келді. Сотталған салықшы аппеляциялық шағым беріп, ол облыстық сотта қаралғанша коллегия мүшелеріне заңсыз әрекетке бармағанын дәлелдеуге тырысты. Ол тіпті жоғалған миллиардтарды анықтау үшін әлі күнге дейін ақша шайылып жатқан сызбаны көрсетіп, тергеуге көмектеспек болды. Қалған жеті сотталушы Виктор Майды бұрын білмегендерін, сотталушылардың қатарына қалай «түсіп кеткенін» түсінбейтіндерін айтқан.