Стивен Сигалға тағы да айып тағылды
Стивен Сигалмен бірге фильмге түскен Регина Симмонс есімді азаматша оны зорлады деп айыптап отыр
Ал оқиға осыдан 20 жыл бұрын болған. Симмонс пен Сигал 1994 жылы кинотүсірілімде танысқан. Ол кезде қыз 18 жаста болған.
Симмонстың сөзіне қарағанда, актер Беверли-Хиллз қаласындағы үйінде кеш өтетіндігін айтып, оны сонда келуге шақырған. Алайда барса, үйде ешқандай кеш өтіп жатпаған болып шыққан.
- Ол мені өзінің бөлмесіне апарып, есікті жауып, аймалай бастады, - дейді қыз.
РИА Новости сайтының хабарлауынша, Сигал жиырма шақты әйелді зорлаған көрінеді. Алайда Симмонс олардың алды болып арыз берген.
Былтыр да Лос-Анджелес қаласында тұратын қыз актерді зорлық көрсетті деп айыптаған болатын.