Apple 10 миллиард доллардан айрылады
Қолданушылар ескі iPhone модельдерінің жұмысы қасақана төмендетілетіні туралы естіген соң, корпорация смартфондардағы батареяларды ауыстыру құнын арзандатты
Енді батареяларды ауыстыру құны 79-дан 29 долларға түссе компания 10 миллиард доллар шығынға батады. Мұндай тұжырымды Barclays банкінің мамандары келтіріп отыр, деп хабарлайды Business Insider.
Компания мұндай рақымшылыққа барып отырса да, қолданушылар мұның жаңа модельдерге деген сұранысын сақтап қалу үшін істеліп отырғанына сенімді.
Сауалнама қорытындысы бойынша, аккумулятордың жылдам тозуы, қолданушылардың жаңа смартфон сатып алуына итермелейді. Barclays мамандарының айтуынша, енді батареяны ауыстыру арзандаса, 2018 жылы iPhone сатылымы 16 миллион данаға кемиді.
- бұл Apple үшін тамаша PR әрекет болуы мүмкін, бірақ ол iPhone сатылымына әсерін тигізеді. Қолданушылар құрылғыны жаңадан сатып алудың орнына, батареясын ауыстыруды жөн көреді, - деп жазады мамандар.