Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде айырылыспақ болған жұптың әрекеті қанды оқиғамен аяқталды

45 жастағы ер адам енесі мен балдызын пышақтап тастан. Оқиға Пермиина көшесіндегі пәтерде болған

Соңғы жылдары жұптардың өмірі қасіретке айнала бастаған. Отағасы арақ ішіп, ашу ызасын әйелінен алатын болған. Бақытсыз әйелдің шыдамы таусылған соң, балаларын ертіп шешесіне кетіп қалған. Ақыры айырылысу туралы арыз береді.

Көшіп кеткен әйел күйеуінің үйіне баруға жүрексінген. Соңында шешесі мен сіңлісі үшеуі пәтерден қашып шыққан. Ашуға булыққан еркек оларды асхана пышағымен қуалаған. Үйде қалып қойған заттарды алу керек болған соң, туысқандар жандарын шүберекке түйіп, ер адам үйде жоқ-ау деп келеді. Тек күйеуі мас күйінде үйде жатқан.

- «Пышақты, пышақты алып таста» деген сөздер естідім, - дейді сотталушы ШҚО Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының залында. - Мұны кім айтқанын білмеймін. Бәлкім маған солай естілген болар. Бұдан кейін пышақты алып тастау үшін асханаға бардым. Барлығы қалай болғаны есімде жоқ.

Қаскүнем енесінің ішінен пышақ салған. Бұдан кейін балдызын үш рет пышақтаған. Жаралы анасы үстелдегі телефонды алып, кіреберіске қашып шыққан.

Оқиға орнына келген полиция мен медиктер жағаларын ұстаған: кіреберісте жарасын ұстаған әйел, төрде қарны жараланған ер адам ентігіп отырса, тағы бір құрбан асханада қанға малынып жатқан. Анықталғандай, полицияның келе жатқанынан хабардар болған ер адам жауапкершіліктен жалтару үшін өзіне пышақ салған. Үшеуіне бірден алғашқы көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізіледі. Ауыр жарақаттанған қыз ауруханада көз жұмды. Қалғандары аман қалған.

Қылмыскер қатаң тәртіптегі колонияға 18 жылға сотталды.

Үкім заңды күшіне енді. 

Следующая →