Өзбекстанда президент есімін арқалаған балаларға артықшылық берілмейтін болды
Ал бұған баласы мен үшем немересіне президенттің есімін қойған Өзбекстан тұрғыны наразылық танытып отыр
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің маманы балаларына президенттің есімін қойған жанұяларға ешқандай сыйлық пен көмек берілмейтіндігін айтты, деп хабарлайды CA-News.org сайты. Сонымен қатар, маман бұдан бастап жаңадан туған сәбиге бәріне ортақ әлеуметтік көмек көрсетілетіндігін жеткізді.
Ал Хорезм облысының тұрғыны бұған наразалық білдірді. Ол үшем немересінің есімдерін президенттің құрметіне қойған екен: Шевкат, Миромон және Мирзие. Алайда үшемнің атасы балалардың өмірге келгеніне бір ай уақыт өтсе де, президент әкімшілігі еш назар аудармағынын айтып шағымданып отыр.
Отбасы «патриотизмнің» жоғарғы үлгісін көрсеткені үшін сыйақы алмақ болған. Алайда ол ойы іске аспаған көрінеді.