Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Облыс пен қалада орын алған басты оқиғалар

Қызыл Қораз жылы шығысқазақстандықтар мен өскемендіктердің өмірінде нендей оқиғаларымен есте қалды?

Өтіп бара жатқан жыл облыс және қала өміріне бірқатар өзгерістер енгізді. Бірқатар тың бастамалар да биыл қолға алынғанын айта кеткен жөн. Десек те, бұл жылдың қиыншылығы да аз болған жоқ.


Өскемен қаласының басшысы ауысты

Бір жылдай қызмет еткен Өскемен қаласының әкімі Ерлан Аймұқашев жанұялық жағдайларға байланысты өз орнынан кетіп, орнына Қуат Мұхитұлы Тұмабаев отырды.


Бірқатар нысандар ашылды

Сол жағалауда орналасқан Неке сарайының салтанатты ашылуы 22 сәуірде өтті.

Қала халқы көптен күткен неке сарайы бірнеше нысаннан тұрады. Оның құрылысына шамамен 1,5 млрд теңге жұмсалған екен. Айта кету керек, ғимарат тек жас жұбайларға арналмаған. Мұнда қала  жастарының демалысына арналған мейрамхана, караоке-бар,  vip-аймақтар бар.

Өскеменде жаңа Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды. 2013 жылдың маусым айында салынып басталған химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің филиалы Ата Заңымыз - Конституция күнінде есігін айқара ашты. Жоба бойынша бұл мектепте 720 бала білім нәрімен сусындайды деп көзделген.

29 тамыз күні облыс орталығында Уран банкі ашылды. Банк ғимаратында ядролық отын сақталып, қойма ядролық қарудың таралу қаупін азайтпақ. Қоймада 90 тоннаға дейін төмен байытылған уранның қоры сақталады. Бұл уран қоры мың мегаваттық реактордың отынын дайындауға жеткілікті.

Өскемен әуежайы барлық халықаралық стандарттарға сай етіп өзгертілуде.

Ғимараттың құрылыс жұмыстары өткен жылы басталды. Мердігерлер құрылыс жұмыстарына отандық өндірушілердің материалдарын қолданды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінде бұл әуежайда жаңа ұшып келу терминалы ашылды. Терминал сағатына 200 адамды қабыл алуға қауқарлы. Халықаралық әуежай терминалы мекемесі ұшып келген жолаушыларға қызмет көрсетеді. Олар ұшып-қону алаңынан осында келіп, шекаралық бақылаудан өтіп, өздерінің жүктерін алады.

Жаңа нысанда жүргізілген жұмыстарды бақылай отырып, Даниал Ахметов еліміздің көптеген қалаларындағы әуежайларда қабылдау терминалдары жоқ екенін тілге тиек етіп, мұндай сапалы қызмет Семей қаласының әуежайында да ұйымдастырылатынын айтты.


Мемлекет басшысы Өскеменде болды

Облыс орталығына жұмыс сапарымен келген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ең алдымен сол жағалаудағы «Нұрлы жол» саябағын тамашалады. Осыдан кейін ШҚО шаруаларымен кездесіп, ауылшаруашылық салаларындағы тың өзгерістерді талқылады.

Елбасы тамашалаған бірінші нысан, әлі ешкім табан тіремеген, Өскеменнің ірі алпауыттары бөлген қаражатқа салынған «Нұрлы жол» саябағы еді. Саябақты аралай жүріп, ұлт көшбасшысы Зайсан, Катонқарағай және Ұлан аудандарынан табылған археологиялық қазбаларды тамашалады.


Өңірімізден тарихи ескерткіштер табылды

«Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиев Алтай таулары маңындағы Берел қорымынан Алтын адамды тапқанын жариялады.

Дегенмен, Берел қорымында зерттеу жүргізіп жатқан археологиялық топтың жетекшісі, профессор Зейнолла Самашев табылған тарихи жәдігерді «Алтын адам» деп айту әлі ертерек екендігін әрі қорымда әйел билеушінің мүрдесі жерленгендігін айтады. Қабірдің тереңдігі - төрт метр. Археологтардың айтуынша, қорым біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырға жатады.

Сонымен қатар, профессор Әбдеш Төлеубаев бастаған археологиялық топ Зайсан ауданында екі ай қазба жұмыстарын жүргізе отырып, осыдан төрт жарым мың жыл бұрын өмір сүрген көне мәдениеттің ошағын тапты. Шілікті даласында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген профессор Әбдеш Төлеубаев Сауыр мен Тарбағай тауының етегін де зерттеп көрмек болған. Сауыр мен Тарбағатай етегінен мыс дәуіріне жататын 500-ге тарта оба табылған.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында облыстағы қасиетті «Қоңыр әулие» үңгірін тазарту, жол бағандарын орнату жұмыстары жүргізіліп, қуаттылығы үлкен прожекторлар мен шамдар қойылды. Үңгірдің тереңдігіне сай 120 метр болатын ағаш баспалдақты жол төселіп, жерасты суына барушыларға арналып демалыс алаңдары салынды.


Қымбатшылық қысқан жыл

Өткен жылы жидекті кезеңнің қайнаған шағында қант бағасын негізсіз айналдырған сатушылар биыл мемлекеттік бюджетке қыруар қаржы төледі.

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаменті 2016 жылдың шілде айында қант тапшылыққа ұшырап, бағасы тез өсіп кеткен шақта толайым саудагерлердің тәтті шекер бағасын негізсіз өсіргендерін дәлелдей алды. Өскемендік сатушыларға қатысты сот шешімі шығарылды. Қант патшаларының ең аз деген айыппұлы 43 мың теңгені құраса, ең көбі мемлекеттік қазынаны 560 мың теңгеге толтырды. Бірақ бұл жаза биыл да қант бағасын ұстап қалуға септігін тигізе алмай, құмшекердің келісі 300 теңгеден асып кетті. Дегенмен, билік өкілдері жағдайды бірқалыпты ұстап тұру үшін барын салып-бақты.

Бұдан өзге, тасымалдаушы компания басшылары Қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерінен жол ақысын 90 теңге деп бекітуді сұрады. Бұл талап орындалмаған жағдайда қоғамдық көліктер өз жұмыстарын тоқтатуы мүмкін еді. Тасымалдаушылар ассоциациясының мүшелері қосалқы бөлшектердің екі есеге қымбаттағанын, сонымен қатар, кадр жетіспеушілігі сынды мәселемен де бетпе-бет келіп отырғандықтарын алға тартты.

Осылайша Өскемен қаласының мәслихат депутаттары жол ақысына қатысты жаңа тарифті мақұлдауға мәжбүр болды. Яғни, қоғамдық көліктердегі билет бағасы 90 теңге болып бекітілді. Жол ақысының көтерілуіне байланысты Өскеменде 1 қыркүйектен бастап жол жүру билеті қымбаттады. Жол жүру билетінің жаңа құны - 8500 теңге.

Осындай жағдай Семей қаласында да қайталанып, автобус билетінің бағасы 80 теңгеге, ал балалардың жол жүру құны да 40 теңгеге өсті.


Көмір тапшылығы сезілді

Жылыту маусымы басталып, ел қыстық отынын қамдап жатқан уақытта көмір тапшылығы тағы шықты. Үш апта бойы Защита өңірі мен Базовая көшесіндегі теміржол бекеттері көмір күткен жүк көліктерінің кезегіне толды.

Билік өкілдері көмір тасымалдайтын вагондардың жетіспей жатқанын алға тартып, бірақ мұның көмір тапшылығына қатысы жоқ және ешқандай дүрлікпенің болмауы керектігін айтты.

Дегенмен, дүрлікпе болды. Адамдардың айтуынша, көмір аздан келді және олардың біраз бөлігін алып-сатарлар алып кетті. Оларды кезектен тыс өткізе берген. Билік өкілдері мәселенің шешімін табуға уәде беріп, ақыры  қара отынға байланысты туындаған кептелісті тарқатудың жолын тапты. Айта кету керек, жеңілдетілген  көмір бағасы тоннасына 7600 теңгеден, ал коммерциялық көмір 8050 теңгеден сатылды.

  

Трамвайдың тоқтап қалу қаупі туды 

Жуықта «Шығысэнерготрейд» ЖШС Трамвай паркінің үлкен көлемдегі қарызына байланысты электрэнергиясын беруге шектеу қойып, трамвай қатынасы үзіліп қалу қаупі туған еді.

Трамвайдағы жол ақысының үнемділігі мен ол жүретін маршрут бойынша автобус қатынамайтындықтан, қала тұрғындарын бұл жаңалық айтарлықтай дүрліктірген. Айта кету керек, парк қарызы 60 миллион теңгеден асып, төлем уақыты 22-ші қарашаға дейін белгіленген. Алайда парк басшылығы бұл сұрақтардың шешімін тауып, трамвай қатынасы үзілмейтін болды.

 

Жер үсті өткелі салынуда 

Шығыс Қазақстан облысының орталығындағы Спорт сарайы маңайында жер үсті өткелінің құрылысы басталып кетті.

Дегенмен, құрылыс жұмыстары басталмай жатып-ақ қала тұрғындарын бұл әрекетке қарсы шақыра бастағандар табылды. WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы құрылыс жұмыстары басталған «Статус» дүкенінің маңында петиция жинауға шақырушылар бұл шараларды қала үшін қажетсіз деп таныды. Бірақ қала басшылығы өткелдің қажет екенін дәлелдеп, бұл өткел қала жоспарындағы жалғыз жоба емес екенін жеткізді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Следующая →