Қытай азаматы өтірік істеймін деп, шын сақау болып қалған
Жасаған қылмысынан қашып құтылу мақсатында сақау адам кейпіне енген
Ер адам 2005 жылы 500 юань үшін туысқанымен ренжісіп, оны өлтірген. Жазадан құтылу мақсатында басқа ауылға қашып кеткен. Жаңа мекенінде құрылысшы болып қызметке кіріп, аты-жөнін өзгертіп, қайта отбасын құрып үлгерген. Көршілері, таныстары сұрақ астына алмас үшін сақау болып көрінген.
Ал тәртіп сақшыларының қолына кездейсоқ түсіп қалған. Төлқұжаты жоқ екенін анықтаған полиция қызметкерлері ДНҚ сараптамасын жүргізген. Нәтижесі 12 жыл бұрын жоғалып кеткен азаматтың ата-анасынікімен сәйкес келген. Ақыры жазадан құтылу мүмкін емес екендігін ұққан азамат өз кінәсін мойындаған. Алайда 12 жыл бойы үнсіз жүрген азамат шын мәнінде де сөйлей алмай қалған.