Жапондықтар өздігінен қалпына келетін смартфон экрандарын ойлап тапты
Ұялы телефон қолданушылары сынған экранды ауыстыру үшін ақша төлемейді
Жаңалықты Такусо Айда есімді профессор ойлап тапқан. Ол полиэфирлі тиомочевин қоспасын жасап шығарған. Сыртқы келбеті шыныға ұқсағанымен, қасиеті ерекше. Яғни, шытынаса, бетіне сызат түссе, шыны сынды сынып қалмайды, қайта өзін-өзі «емдеп» қалпына келтіреді. Алайда оған қанша уақыт кететіндігін ешкім болжап айта алмайды.
Жапон ғалымдары бұған дейін өздігінен жөнделетін смартфон экранын шығарған болатын, алайда ол қатты шытынаса, онда өздігінен регенариция жасай алмайтын.