Павлодардағы хайуанаттар бағының құбыры жарылып, жануарлар тұншығып қалды
Павлодар қаласының Кутузов көшесінде, 304/1-үйде орналасқан, келушілердің өзі жануарларды қолмен ұстап, тамақтандыратын шағын хайуанаттар бағы бар
Мұнда ыстық су құбырында апат болып, 40-тан астам жануар суға тұншығып өлген, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл жағдай әлеуметтік желіде дауға айналды. Көбі жануарлардың амандығына хайуанаттар бағы немқұрайлы қарады деп пікір білдірген. Ал кейбірі бақ қызметкерлерін кінәлап жатты. Өйткені мамандар құбыр жарылысымен-ақ, жануарларды басқа, қауіпсіз орынға алып кетуі қажет болатын.