ШҚО-да қалта қағушы «кәсіби» ұры ұсталды
Семейде бұрын да сотты болған, қазірдің өзінде үш адамды тонап үлгерген 32 жастағы ұры ұсталып отыр
ШҚО Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, қаскүнем ұры автобус пен аялдамада жүріп, адамдардың қалтасын қаққан. Мәселен, 30 қараша күні №11 автобуста отырған 17 жастағы студенттің бағасы 80 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткен.
Ал 9 қараша күні 25 жастағы жігіттің 50 мыңдық смартфонын қолды қылған. Үшінші рет 56 жастағы әйелдің 40 мыңдық ұялы телефонын «қаққан».
- Күдікті тергеу изоляторына алынды. «Ұрлық» бабы бойынша алдын ала тергеу жұмыстары басталды, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.