Ресейден келген еріктілерге Олимпиадаға қатысуға рұқсат етілді
2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына Ресейден келген еріктілерге жұмыс жасауға рұқсат етілді
Рұқсатты Халықаралық Олимпиада комитеті беріп отыр.
Ал сейсенбі күні ХОК Ресейдің 2018 жылғы Олимпиадаға қатысуына тыйым салып, жекелеген спортшыларына ғана қатысуға рұқсат берген болатын. Спортшылар Ресей елінің атынан қатыса алмайды, ол елдің туын көтеріп шықпайды, тек бейтарап күйде, Olympic Athlete from Russia (OAR) атты атаудың астында ғана өнер көрсете алады.
Қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпанда өтпек.