Орталық Азияда 5 млн адам аштықта өмір сүруде
Орталық Азия елдері 2005 жылдан бері жағдайы біршама жақсарғанымен, азаматтарын әлі де сапалы тағаммен қамтамасыз ете алмай отыр
Бұл жайында шетелдің БАҚ өкілдері дайындаған «Еуропа мен Орталық Азия елдерінде тағам тұтыну жағдайы» атты баяндамада айтылған. Қазіргі уақытта Орталық Азияның 5,6 млн тұрғынына тамақ жетпейді.
Ашыққан халықтың көп мөлшері Тәжікстанда тұрады екен. Бұл мемлекет халқының 30 пайызы, 2,6 млн тұрғыны тамаққа жарымайтын көрінеді. Ал Қырғыстан мен Өзбекстан халқының 6,4 пен 6,3 пайызы дұрыс тамақтанбайды екен. Өзбекстанда 1,9 млн адам аш болса, Қырғыстанда 400 мың адам тойып тамақтанудан қағылған. Түркіменстанда 300 мың адам ашыққан халде.
Орталық Азия елдерінің ішінде тек Қазақстанда ғана ашыққан адамдар жоқ көрінеді.