Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

Тергеуші алматылық қыздан тәркіленген гауһар тасты ломбардқа өткізіп жіберген

Зардап шегушінің мәлімдеуінше, зергерлік бұйымның жалпы құны миллион АҚШ долларын құрайды

Zakon.kz сайты хабарлағандай, 2017 жылдың маусым айында заңсыз импорт үшін кәсіпкер Индира Бердібекованың қымбат әшекейлері тәркіленген. Алайда мүліктік дәлелді сейфте сақтаудың орнына Мемлекеттік кірістер департаментінің тергеушісі әшекей заттарды ломбардқа өткізіп жіберген. Алған ақшасын кейін казинода жеңіліп қалған.

Нәтижесінде кәсіпкер ломбардтарды аралап, алтын және гауһар бұйымдардың 5 пайызын ғана сатып ала алған. Зардап шегуші бұйымдарды миллион долларға бағалап отыр.

- Оның құны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Барлығы сотта белгілі болады. Қазір қалпына келтіріп, іздеп жүрген құжаттарымды өткіземін. Ломбардтан көп іздедім. Бірақ көптеген тауарларымды таба алмадым. Барлық бұйымды ломбардқа Алматы МКД Ерекше маңызды қылмыс бойынша аға тергеушісінің досы өткізген, - дейді Бердібекова.

Бұл атышулы іс бойынша алғашқы тыңдау белгісіз себептермен бірнеше рет шегерілді. Ендігі тыңдау 5 желтоқсанға белгіленген.

Следующая →