Пакемондар АҚШ экономикасын құртуда
Әйгілі Pokemon Goқосымшасы жарты жыл ішінде АҚШ экономикасына 2-ден 7 миллиард долларға дейін шығын әкелді
Танымал қосымшаны пайдалану адам нанғысыз зардапқа алып келеді. Мұндай тұжырымға Индиана штатындағы Пердью университетінің мамандары келіп отыр. Тек 2016 жылдың бірінші жартысында ғана орын алған ЖКО 300-ге өскен. Мұнымен қоса жүргізушілердің көбі «покестоп» деп аталатын – покемондарды суретке түсіретін жерде зардап шеккен.
Смартфонды қосып жүру танымал бола түсті. Жүргізуші жолда келе жатып, «ұсталған» покемондарды суретке түсіру үшін телефонына қайта қайта қарайды.
Орын алған ЖКО салдарынан ғана Индиана штаты 26 миллион доллар шығынға батқан. Егер АҚШ көрсеткішін жалпы есептесе бұл көрсеткіш мамандардың есебі бойынша 2 немесе 7,5 миллиард долларға бар.
Следующая →