Үнді саясаткері арсыз фильм түсіргендерді өлтіруге бұйрық берді
Үнді саясаткері "Падмавати" атты фильмді түсірген режиссер мен басты рөлдегі әртістің басын кесіп әкелген адамға 100 млн рупи (1,5 млн $) сыйақы беретіндігін айтты
"Бхаратия Джаната" партиясының төрағасы Сарадж Пал Аму "Падмавати" атты фильмін индуизм дінін арсыз жағынан көрсетті деп айыптап, оны түсірген режиссер мен әртісті өлтіргісі келетіндігін мойындаған.
Ал фильмнің өзі ортағасырда жазылған "Падмават" поэмасының желісімен түсірілген. Мұнда мұсылман патшасы мен үнді королі Рани Падмини арасындағы шайқас баяндалған.
Фильм режиссері Санджей Лила Бхансали болса, басты рөлді Дипика Падуконе сомдаған.
Фильмнің тұсаукесері 1 желтоқсанға жоспарланған еді, алайда туынды төңірегінде туған дай-дамайдың кесірінен бұл кейінгі шегерілді.