Қазақстанда ақылы жолдардың саны көбеймек
Елімізде республикалық маңызы бар 5 мың шақырымнан астам жол ақылы болады
Сол үшін қазір жобалау жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды www.24.kz сайты тілшілері.
Оның ішінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің біршама бөлігі бар» дейді Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері. Жобалау жұмысы келер жылдың бірінші тоқсанында аяқталады. Кейін 13 бағыт бойынша құрылысқа байқау жарияланады. Мамандардың айтуынша, биылғы қаңтар-қазан айлары аралығында ақылы жолдардан 1 миллиард теңге пайда түскен. Бұл былтырдан 4 пайызға артық. Көрсеткіш әлі де көбеюі мүмкін. Себебі жыл соңына дейін «Астана-Теміртау», «Алматы-Қапшағай» көлік дәліздерінде ақы алу жүйелері іске қосылады.
Айта кетейік, биыл «ғасыр жобасы» аталып кеткен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралінің барлық бөлігінде қозғалыс жанданды. Тек Оңтсүтік Қазақстан мен Жамбыл облысы арасында салынып жатқан туннель әлі аяқталған жоқ. Оны мердігер компания келер жылы пайдалануға бермек.