Вьетнамда iPhone кабелінен қыз қаза тапты
Залалды қуаттағыш көзімен абайсыз болған қыз шырт ұйқыда жатқанда тоқ соғып көз жұмды
vesti.ru сайты хабарлағандай, Ханой қаласында 14 жастағы қыз брендті смартфонның қуаттағышы залалды болғанына қарамастан қолдана берген. Смартфон қуатталғанша, оны төсегіне қоюды әдетке айналыдырып алған.
Қыз шырт ұйқыда жатқанда смартфон сымына тиіп кеткен. Оқиға орнына келген дәрігерлер Ле Тхи Ксоанның өлімі тоқтың қатты соғуынан болғанын тіркеген.
Қыз қуаттағыштың залалды екенінен хабардар болған. Тіпті, кабельді изолентаның көмегімен жөндеп те көрмек болған. Өкінішке орай мұның пайдасы шамалы болғанға көрінеді.
Следующая →