Ғалымдар Альцгеймер ауруы қанмен жұғуы мүмкін деп отыр
Канада ғалымдары әлемде кең таралған аурулардың бірі - Альцгеймер дертіне қатысты зерттеу жүргізіп, оның қан арқылы тарайтындығын дәлелдеді
Альцгеймер ауруы қан құю кезінде де тарауы мүмкін деген болжамды 2015 жылдары айта бастаған. Ал Канададағы Британ Колумбия университетінің ғалымдары Альцгеймер ауруының ақ түйіршектері бар қанды егеуқұйрыққа құйып, оның ағзасындағы өзгерістерді тексерген. Нәтижесінде кеміргіштің миында ауытқулар байқала бастаған.
Ал егеуқұйрықтың қанынан бета-амилоид түйіршіктері тапқан. Кеміргіштің ми қабатында дегенеративті үрдіс өрши түскен.