Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан Конституциялық кеңесі Сеулде өтетін симпозиумға қатысты

2017 жылғы 1-2 қарашада Сеул қаласында «Азиядағы конституционализм: өткені, бүгіні және келешегі» атты тақырыпта Алғашқы халықаралық симпозиум болды.

ҚР Конституциялық Кеңесі ksrk.gov.kz хабарлағандай, оның жұмысына Еуропа Кеңесі Венециялық комиссиясының Президенті, Ауғаныстан, Индонезия, Қырғыз Республикасы, Малайзия, Моңғолия, Мьянм Одағы, Корея Республикасы, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан конституциялық бақылау органдарының, сондай-ақ Адам құқықтары бойынша Африка сотының өкілдері және белгілі шетелдік құқықтанушы-ғалымдар қатысты.

Қазақстандық делегацияны Конституциялық Кеңес Аппаратының басшысы Бақыт Нұрмұханов және Аппараттың бөлімі басшысының орынбасары Елена Буркина білдірді.

Симпозиум бағдарламаға сәйкес төрт сессияға бөлінді, онда қазіргі заманғы конституциялық дамудың жекелеген өзекті мәселелері: «Конституциялық әділеттің алуантүрлілігі: Қауымдастық мүшелері арасындағы айырмашылықтар», «Адамның іргелі құқықтарын конституциялық бақылау арқылы қорғау және алға жылжыту», «Адамның құқықтары және конституциялық әділет туралы халықаралық нормалар: ұқсастықтар мен ерекшеліктер», «Конституциялық соттар мен баламалы институттар арасында ынтымақтастықтың және өзара іс-қимылдың қажеттігі» талқыланды.

Алғашқы сессияда Б.Нұрмұханов «Қазақстан Республикасында конституциялық бақылауды дамытудағы заманауи трендтер» атты тақырыпта баяндама жасап, халықаралық заң жұртшылығын елімізде өткен конституциялық реформалардың, соның ішінде Конституциялық Кеңестің қызметіне қатысты негізгі ережелермен таныстырды.

Аталған азиялық құрылым отырысында Б.Нұрмұханов Қауымдастықты зерттеу және дамыту жөніндегі хатшылықтың Бас хатшысының орынбасары болып сайланды.  

Следующая →