Қытай Солтүстік Кореядан мұнай өнімдерін сатып алуды тоқтатпақ
2017 жылдың қазан айынан бастап Қытай Солтүстік Кореядан мата өнімдері мен мұнай өнімдерін сатып алуды тоқтатпақ
Қытай БҰҰ қойған санкцияларды ескере отырып осындай шешімге қадам басып отыр.
- БҰҰ-ның резолбциялық шартын орындауды мен Солтүстік Кореяның заңнамасындағы сауда-саттық шаралары жөніндегі ескертпелерді алға тартып, 2017 жылдың 1 қазанынан бастап КХДР-нан тасымалданатын мұнай өнімдерін тоқтатуды көздеп отырмыз, - дейді Қытай Халық Республикасының сауда-саттық министрлігі.
Ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап 31 желтоқсанға дейін Солтүстік Кореядан келетін мұнай өнімдерінің мөлшері 500 мың баррельден аспауы керек. Ал келесі жылы тасымалданатын мұнай өнімдері 2 млн баррельден аспайды.