АҚШ-та шенеунік бюджеттік ақшаға итіне смокинг сатып алған
Американдық Арканзас штатында мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін әйел қоғамдық қаражатты шашты деп айыпталуда
Анықталғандай, әйел адам бюджеттік ақшаны өз мүддесі үшін пайдаланған. Сатып алған дүниелерінің ішінде итіне сатып алған смокинг те болған.
Хот Спрингс қаласында сот көмекшісі қызметін атқаратын Кристи Госс корпоративті кредит картасы арқылы 200 мың долларға түрлі тауарлар сатып алған, деп хабарлайды Аssociated Press.
Шенеунік бриллиантты білезік, американдық футоболдан жарысқа билет, диван жастықтарын сатып алған. Смокингтен басқа итіне сақтандыру жазған.
Госс сот барысында өзінің кінәсін толық мойындады. Оның ісі бойынша үкім 22 қырышы күні шығады.
Следующая →