Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

«Қаратау-2017» әскери жаттығуына 200-ден астам десантник қатысуда

Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік және батыс өңірлерінде «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы жалғасуда.

Оған 10 мыңға жуық әскери қызметші, бір жарым мыңнан аса жауынгерлік техника, 40-тан аса ұшақ пен тікұшақ, сондай-ақ Әскери-теңіз күштерінің корабльдері тартылды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі сайты.

Әскерлер қолбасшыларының қайта топтастыруға қабылдаған шешімдеріне сәйкес әскерлер шартты дағдарыс аудандарына бірнеше жүздеген шақырымға марш жасауда. Дағдарыс аудандарына іргелес орналасқан аумақта әскерлердің іс-қимылдарын қамтамасыз ету үшін бір уақытта 200-ден аса адамды құрайтын тактикалық әуе десанты түсірілді.

Сәтті түсіруден кейін десанттық-шабуылдау батальоны биік жерге орналасып, әрі қарай мотоатқыш және танкті бөлімшелердің өрістетілуі үшін жердің бақылауын жүзеге асырады. Оқу-жаттығуға авиация белсенді түрде тартылғанын айта кету қажет. Бірінші кезеңде С-295 әскери-көлік авиациясының ұшақтары жеке құрамды жедел алмастыруды орындайды. Армиялық авиация тікұшақтары тактикалық әуе десантын түсіруді өткізеді, қозғалу бағдарларын барлауды жүргізеді, сондай-ақ оларды әуеден тасалай отырып, жауынгерлік техниканың лектерін алып жүреді. Оқу-жаттығу басталысымен әскерлерді басқару далалық басқару пункттерінен жүргізілуде. Бүгінгі басқару пункттері барлық қажетті байланыс түрлерімен жабдықталған, бүркемелеу мен қорғалудың жеткілікті деңгейіне ие. Бұл ұзақ уақыт бойы автономдық жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді.

Оқу-жаттығу барысында қолбасшылар мен командирлердің қалыптасқан жағдайды жылдам бағалап, анағұрлым мақсатқа сай шешім қабылдау шеберліктеріне ерекше көңіл бөлінеді. Шешім қабылдау кезіндегі жеделділік бағынысты әскерлерге жауынгерлік іс-қимылдарға іс жүзіндегі дайындықты, ал шешім қабылдаудың мақсатқа сәйкестігінен түпкі нәтижеде операцияның сәтті өтуі байланысты, - деп Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Руслан Шпекбаев түсініктеме жасады.

Следующая →