ABBA тобы виртуалды турне өткізуді жоспарлауда
Аты аңызға айналған ABBA швед тобы виртуалды турне өткізуді жоспарлап отыр. Онда барлығына сүйікті музыканы квартет әншілерінің сандық көшірмелері орындайды
Бұл туралы топтың бұрынғы мүшесі, композитор және музыкант Бенни Андерссон "Экспрессен" газетіне берген сұхбатында айтқан. Сұхбат дүйсенбі күні кешке жарық көрген.
"Экспрессен" квартеті 1982 жылы тарап кеткен болатын. Содан бері топтың әр мүшесіне тілшілер қайта бірігіп, сахнада өнер көрсету жайлы сұрақ қойғанда олар оң жауап бермеген болатын. Қазір Андерссон өзінің жаңа Piano атты альбомын жарыққа шығарар алдында бұл сұрақтарға өзгеше жауап қатты.
- Анда-санда кезігіп тұрамыз. Бір жұмыстарды бірігіп атқардық. Ал, қазір біздің ортақ жобамыз бар, - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, музыкант аталған турне «жеткілікті мықты» болса, оның 2019 жылға жоспарланғандығын да атап өтті.