ДНҚ сараптама үшін Сальвадор Далидің мәйіті зираттан алынды
Эксгумацияға бастамашы болып отырған Пилар Абель бүкіләлемге танымал суретші Сальвадор Далиді өзінің әкесі санайды
ДНҚ сараптамасының қорытындысы тамыз айында немесе қыркүйек айында белгілі болады, деп хабарлайды испандық «Паис» газеті әйелдің заңгері Энрике Бланкестік сөзіне сілтеме жасап.
С. Дали зиратын ашу жұмысы өткен кеште жүргізіліп, үш жарым сағатқа жалғасқан. Оған сот тергеушілері, С.Дали мұражайының қызметкерлері, заңгерлер мен Фигерам қаласының жергілікті билік өкілдері қатысты.
Мұражай қызметкерлері С.Дали денесінің эксгумациясы туралы егжей-тегжейлі ақпарат береді деген болжам бар.
П. Абель 1958 жылы Фигерас қаласында дүниеге келген. 2007 жылдан бастап, ол өзін С. Дали қызымын деп тұжырымдайды. Анасы С.Дали жанұясында жұмыс істеген кезде, суретшімен жасырын байланыста болыпты мыс.
- ДНҚ тестілері арқылы қорытынды нәтижеге келеміз деген үмітім бар, - дейді «Паис» газетіне осыған дейін берген сұхбатында П. Абель.
С. Дали әкесі болып шықса, П. Абель оның тегіне барлық заңды құқық алады. Алайда оның жұмыстарына деген авторлық құқықты алу – өзге сот тергеуінің нысаны болып табылады.