Иерусалимде жас ер адамдарға қаланың Көне бөліктеріне кіруге тыйым салынды
Израиль полцейлері 50 жастан аспаған, жұма намазын өтеуге бара жатқан ер адамдарды қаланың көне бөлігіне кіргузуден бас тартты
Бұған осы аптада мұсылман қауымы мен тәртіп сақтау қызметкерлері арасында болған қақтығыс себеп болған.
- Храм тауына баруға тек егде жастан асқан ерлерге ғана рұқсат етіліп отыр. Ал әйелдерге шектеу жоқ, - делінген Франс Пресс хабарламасында.
14 шілдеде болған оқиғадан екі израильдік полиция қызметкері мерт болып, тағы біреуі ауыр жарақат алған. Ал шабуыл жасаған үш араб азаматының көзі жойылды. Полиция қызметкерлеріне Храм тауында орналасқан Әл-Акса мешітінің алдында қарауыл қоюға бұйрық берілген.