Джеки Чан Қазақстанда кино түсіруді армандаған
Бүгін түнде қытай кинофестивалінің презентациясына қатысу үшін Астанаға түнде ұшып келген Джеки Чан Қазақстандағы жоспарларымен бөлісті
«Қазақпарат» сайты атақты актер Джеки Чанның сөзін жеткізеді:
- Шынымды айтсам Қазақстанға келіп, кинематограф саласымен айналысу арманым әрқашан болған. Бірақ әрқашан істі болып жүргендіктен, өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін арманым орындалмады. Бірақ болашақта Қазақстанға міндетті түрде келіп, бұл саламен айналысуды жоспарлаймын. Анығында мұнда келіп, керемет табиғатты өз фильмдеріммен құртып аламын ба деп қорқамын. Тым көп трюк...
Сонымен қатар актер үлкен атаққа келер жолы қиын болғанын, танымалдылыққа бірнеше жолмен келгенін айтты:
Бірден жарқыраған жұлдыз болмадым, біртіндеп келдім. Ең төменгі деңгейден қадам-қадаммен көтерілдім. Сондықтан әр адамның орнын, оларға қандай қарым-қатынаспен келу керектігін білемін. Тырысқанымның, және ең бастысы жанкүйерлерімнің қолдауы мен махаббатының арқасында, әрине өз тобымның арқасында мен жұлдызға айналдым.