Қазақстандық қысқаметражды фильм голливуд фестивалінде жеңіске жетті
«Шакал» қысқа метражды фильмінің режиссері 19 жасар Айсұлтан Сеитов. Қазіргі уақытта ол АҚШ-та білім алып, жұмыс істеуде
Лос-Анджелесте өткен HOLLYWOOD BOULEVARD FILM FESTIVAL кинофестиваліне қысқа метражды филмін ұсынған қазақстандық режиссер «Үздік режиссура» номинациясында жеңіске жетті.
Бұл туынды «Үздік фильм», «Үздік режиссура», «Үздік жұмыс» және «Үздік операторлық жұмыс» номинацияларына ұсынылды.
- Мен елімді мұндай ауқымды фестивальде лайықты дәрежеде танытқаным үшін қуаныштымын. Өкінішке орай «Шакал» фильмі менің отанымда осылай бағаланған жоқ. Бірақ мен қазақстандықтарды өз туындыларыммен әлі талай қуантатыныма сенімдімін. Мен әлі 20 жасқа толған жоқпын. Сондықтан менде идеялар мен жоспарлар әлі көп, - дейді Айсұлтан.
Фильмде Алматының шетінде тұратын ер баланың қиын өмірі туралы және оның алдыдағы қылмыс әлемі мен отбасы таңдауы тұралы айтылады.
Фильмнің операторы Азамат Дулатов, («Тараз» және «Шлагбаум»).
Фильм бастан аяғына дейін жастардың жалынымен жасалды.